Мен жұмысшы мамандығын таңдаймын

Назар аударыңыз, талапкерлер!
2025 жылғы 15 шілде мен 20 тамыз аралығында
Қазақстанда «Мен жұмысшы мамандығын таңдаймын» атты республикалық онлайн-байқау өтуде!
Бұл — өзіңді танытып, жұмысшы мамандығы — бұл мақтаныш, саналы таңдау және табысты болашаққа бастар жол екенін көрсетудің тамаша мүмкіндігі!
Кім қатыса алады:
• Колледжге түсуші талапкерлер (9 және 11 сынып түлектері)
• Колледждің 1-курс студенттері
Қалай қатысу керек?
1. 30–60 секундтық қысқа бейнеролик түсір, онда:
• Қай жұмысшы мамандығын таңдағаныңды айт
• Бұл таңдауды не үшін жасадың
• Бұл мамандықта сені не шабыттандырады
• Осы мамандық арқылы қандай мақсаттарға жеткің келеді
2️. Бейнеңді әлеуметтік желіге салып, мына хэштегті қолдан:
#МенЖұмысшыМамандығынТаңдаймын
3️. Ұйымдастырушыларды белгіле:
Instagram: @godrp.tipo
TikTok: @mamanfest.kz
Бейнероликке қойылатын талаптар:
• Ұзақтығы: 30–60 секунд
• Тік формат (9:16), HD сапа (кемінде 1080×1920)
• Тілі: қазақша немесе орысша
• Форматы: MP4 немесе MOV
• Міндетті түрде бейнеде немесе титрда:
o Таңдаған мамандығың
o Атың, қалаң немесе колледжің
o 2025 Жұмысшы мамандықтар жылының логотипі
• Таза дыбыс, субтитр болуы құпталады
Байқау номинациялары:
1. Мамандық мақтанышы
2. Мен — болашақ маманмын
3. Креативті көзқарас
4. Әлемді өзгертетін мамандық
5. Менің жолым — менің таңдауым
Жеңімпаздар алғыс хаттар мен Жұмысшы мамандықтар жылының символикасы бар имидждік өнімдермен марапатталады.
Ең үздік видео:
— ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілерінде жарияланады
— колледждердің ішкі экрандары мен мониторларында көрсетіледі
Неге қатысу керек?
• Өз мамандығыңның беделін арттыр
• Өзің туралы бүкіл елге айтып бер
• Жұмысшы мамандықтар жылының бір бөлшегіне айнал!
Видеоны 2025 жылғы 20 тамызға дейін тапсыруға үлгер!
Өзіңнің таңдауыңды көрсет — жұмысшы мамандығы дегеніміз — бұл мақсатқа ұмтылған, мықты жастардың таңдауы!


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

173 queries