Ата – аналарды хабардар ету – балалардың мамандықты сәтті таңдауының кепілі.

2025 жылдың 28 ақпанында  Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Л.В. Суфиярова мен Ш. Б. Ескалиева “Қостанай қаласының білім бөлімінің №18 мектеп-гимназиясы” КММ 9-сынып түлектерінің ата-аналарына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: ата-аналар мен түлектерге болашақ мамандық пен білім беру жолын саналы түрде таңдауда көмек көрсету.

ҚЖПК оқытушылары ата-аналарға колледж ұсынатын қолжетімді мамандықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Студенттер үшін практикадан өту орындары туралы ақпарат ұсынылды. Ата-аналар колледждегі студенттік өмір туралы түсінік алды. ҚЖПК-ға түсу ережелері түсіндірілді. Оқытушылар колледж түлектерін жұмысқа орналастыру туралы айтып берді. Сондай-ақ қолданбалы бакалавриат деңгейінде оқуды жалғастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Қосымша білім алу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қаралды.

Ата-аналар балаларына мамандық таңдауда көмек көрсету бойынша пайдалы ұсыныстар және ҚЖПК туралы ақпараттық буклеттер алды. Түлектердің ата-аналарымен жүргізілген  кәсіптік  бағдар беру жұмыстары олардың кәсіптік білім беру мүмкіндіктері туралы мәліметті арттыруға ықпал етті және оларға болашақ мамандықты таңдауда балаларына қалай қолдау көрсету керектігін жақсы түсінуге көмектесті.

Ақпаратты дайындаған: Суфиярова Л.В.,  Ескалиева Ш.Б. 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
174 queries