- admin
- 04.02.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
Қостанай политехникалық жоғары колледжінің шаңғы жарысы бойынша құрама командасы Қазақстан колледждері спартакиадасының облыстық кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Бұл жарыс Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналды.
Жарыстар екі күнге созылып, жеке жарыс пен командалық эстафетаны қамтыды. Бірінші күні ұлдар 3 км қашықтықты, ал қыздар 2 км қашықтықты бағындырды. Екінші күні 4×1500 м қашықтыққа командалық эстафета өтті, онда біздің спортшылар жеңіске деген жігерін көрсетіп, құрметті үшінші орынды иеленді.
Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша Қостанай политехникалық жоғары колледжінің құрама командасы 19 команданың ішінен 3-орынды иеленіп, жоғары дайындық деңгейі мен командалық рухын көрсетті.
Команда құрамы:
- Зиборов Константин
- Лютер Максим
- Макалов Василий
- Зиборова Марина
- Сакаева Надежда
- Суфиярова Наталья
Спортшыларымызды лайықты өнер көрсеткендерімен құттықтаймыз және оларға спорттық жарыстарда одан әрі табыстар тілейміз! Сіздер — колледжіміздің мақтанышысыздар!



