- admin
- 11.11.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
2024 жылғы 11 қарашада Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Қазақстан аумағындағы экстремистік ұйымдар қызметінің негізгі қағидаттары мен әдістері» тақырыбында дәріс өтті.
Негізгі мақсаты экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру, терроризмге қарсы іс-шараларды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыру, терроризмнің мәнін түсіндіру.
Іс-шараға ТЗ-30 тобы қатысты.
Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Заманауи терроризм – бұл әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шекараларының шегінен шығып, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірген күрделі, көпқырлы және аса жағымсыз саяси-әлеуметтік құбылыс.
Іс-шара соңында студенттер терроризм туралы өз пікірлерін білдірді.
Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы: Ахметжанова Д.К.