- admin
- 13.09.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
2024 жылдың 13 қыркүйегінде колледждің педагог-психологы Утебекова С.Г. «Отбасым – менің мерейім» атты тренинг өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық қарым-қатынастарды нығайту және психологиялық әл-ауқатты жақсарту болды.
Тренинг барысында қатысушылар отбасылық құндылықтарды анықтап, оларды талқылап, отбасылық байланыстар мен олардың динамикасын картаға түсіріп, рөлдік ойын арқылы отбасы ішіндегі қиындықтарды шешудің жолдарын іздестірді.
Қорытындысында, тренинг қатысушыларға өз отбасының құндылықтарын тереңірек түсінуге және отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Әр қатысушы кездесу кезінде не ұнағанын айтып, жағымды эмоцияларымен бөлісті. Кездесу соңында рефлексия жүргізілді.