- admin
- 23.10.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
Кураторлық сағат мақсаты: Өз елінің тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен жетістіктері туралы кеңейтілген білім алу. Өз бетінше талдау, таңдау жасау және шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру.
Іс-шара міндеттері:
1. Халықпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті сезіну.
2. Елдегі және әлемдегі оқиғаларды объективті бағалау үшін ақпаратты сыни тұрғыдан талдай білу. Ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететін мемлекеттік тілді еркін меңгеру.
3. Еңбек нарығындағы жоғары кәсіби дағдылар мен бәсекеге қабілеттілік. Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін, оның ішінде халықаралық аренада қорғауға дайындық.
Топ кураторы, Ш.Б. Ескалиеава студенттермен әңгімелесу барысында 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның тарихи маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңның қабылдануы арасындағы байланыс атап өтілді.
Ақпаратты дайындаған: топ кураторы Ш.Б. Ескалиева
#Біртұтас_тәрбие