- admin
- 30.09.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
2024 жылдың 26 қыркүйегінде Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Тәртіптің ең тамаша мектебі – бұл отбасы» тақырыбында колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараның мақсаты – Қостанай политехникалық жоғары колледжінің қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы ата-аналар қауымын хабардар ету, колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікті арттыру мәселелеріне назар аудару, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, колледж бен отбасының өзара әрекеттестігін дамыту.
Колледж қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы КМКК «Қостанай политехникалық жоғары колледжінің» директорының м.а. Щербакова И.А. ата-аналарға хабарлама жасады.
Колледждің заңгері Мусинова Р.Ж. ата-аналарға КМКК «Қостанай политехникалық жоғары колледжінде» сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру туралы ақпарат берді.
Оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша Қостанай қалалық ІІБ ПБ ЮПБ аға лейтенанты Володина Е.В. сөз сөйледі. Өз баяндамасында Володина Е.В. студенттердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі мәселелерін қарастырды, ата-аналарға құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін еске салып өтті, яғни ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын салу, есірткі заттарын сақтау және тарату секілді қылмыстардың жауапкершілігі туралы айтты.
Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу мәселесі бойынша Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Бисимбаева Гүлсүм Айтжанқызы баяндама жасады. Өз сөзінде Гүлсүм Айтжанқызы ата-аналарға есірткі, психоактивті заттарды (темекі, насвай, кальян, шегу қоспалары және т.б.) тұтынудың зияны мен салдары туралы айтып берді. Ол ата-аналардың балалардың сабақтан тыс уақытта немен айналысатынын, кімдермен қарым-қатынас жасайтынын біліп отыруының маңыздылығын атап өтті.
Колледждің әлеуметтік педагогы Моргунова Е.А. жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг мәселелері бойынша сөз сөйледі. Өз баяндамасында Моргунова Е.А. баланың тәрбиесіндегі отбасының үлкен рөліне тоқталып, балалық шақты қорғау және позитивті тәрбиелеу мәселелерін ерекше атап өтті, ата-аналарға жасөспірімдермен қақтығыссыз қарым-қатынасты қалыптастырудың негізгі жолдарын түсіндірді.
Ата-аналарға ата-ана бақылауы, суицидтік мінез-құлықтың, құмар ойындарының, буллинг/кибербуллингтің, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Педагог-психолог Науменко Татьяна Викторовна, Утебекова Сабина Габитқызы, тел: 87142560881, Петренко Елена Александровна басқаратын психологиялық қолдау орталығы, тел. 87142511849, Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Басенова Несібелі Заривановнаның байланыс нөмірлері берілді, тел. 87017783535; тәулік бойы жұмыс істейтін, тегін, мемлекеттік байланыс орталығы «111».
Барлық ата-аналарға «Егер қиын болса – жай қоңырау шал» акциясы аясында буклеттер мен визиткалар таратылды.
Дюсекеева Л.К., ОТЖ жөніндегі директор орынбасары
#Біртұтас_тәрбие