- admin
- 19.09.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
2024 жылғы 19 қыркүйекте Қостанай политехникалық жоғары колледжінде студенттермен «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде…» тақырыбында учаскелік полиция инспекторының кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу; құқықтық білімді насихаттау; жауапты шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру; күрделі жағдайларды сыни тұрғыдан талдау қабілеттерін дамыту.
Өз сөзінде Қостанай қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Жангабулова С.С. кәмелетке толмағандардың құқықтары, сондай-ақ оқушылардың құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы сұрақтарды қозғады. Оған жол жүру ережелерін бұзу, буллинг, кибербуллинг, интернет-алаяқтық, жыныстық тұтастыққа қарсы қылмыстар, ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын салу және басқа да қылмыстар кіреді. Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Студенттер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен танысты.
Студенттер арасындағы психоактивті заттарды қолдану және лудоманияның алдын алу мәселесі бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Дюсекеева Л.К. сөз сөйледі. Ол өз сөзінде студенттерге есірткінің, психоактивті заттардың (темекі, насвай, кальян, шегуге арналған қоспалар және т.б.) зияны мен салдары туралы айтты.
Сұхбат барысында студенттер спикерлерді үлкен назармен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Дюсекеева Л.К., оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары
#Біртұтас_тәрбие