Жеңіс күніне арналған кураторлық сағат.

Патриоттық тұлғаны тәрбиелеу-қазіргі білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі. Мереке қарсаңында ТП-27 тобында Жеңіс Күнін мерекелеуге арналған кураторлық сағат өтті.

Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова және миллион екі жүз мыңнан астам отандастарымыздың мысалдары негізінде патриоттық тәрбие біздің өміріміздің маңызды бөлігі болып қала беруі тиіс.

Іс-шара 1941-1945 жылдардағы қорқынышты оқиғаларды еске түсіруден басталды. Содан кейін балалар “Өлмес полк” бейнефильмін, өмірден өткен жерлес ардагерлеріміздің суреттерін тамашалады. Барлық қатысушылар қаза тапқандарды «бір минут үнсіздікпен» еске алды. ТП-27 тобының студенттері халқымыздың тарихи ерліктері туралы айтып берді. Кунцевич Данил мен Сағымбаев Даниал ҰОС туралы өлеңдерін шын жүректен оқыды.

Бейнефильмді көргеннен кейін балалар Талғат Бегелдинов пен Мәншүк Мәметова өмір сүрген жарқын өмірді, Рахымжан Қошқарбаевтың  Отандық авиацияның ғана емес, жалпы республикамыздың дамуына қандай үлес қосқанын талқылады.

Балалардың ешқайсысы бей-жай қалмады, соғыс кадрлары, әндер, өлеңдер, әңгімелер балалардың жан дүниесінің тереңдігіне әсер етті.

Ақпаратты да йындаған:  тарих пәнінің оқытушысы, ТП-27 тобының кураторы Шектыбаева Л.Ф.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
189 queries