- admin
- 07.02.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуының 35 жылдығына арналған Қостанай облысының әскери-патриоттық клубтары арасында, пневматикалық мылтықтан оқ атудан ашық Чемпионат өтті.
Аталған іс-шараға жиырма әскери-патриоттық клубтар, оның ішінде “Жас Сарбаз”ӘПК-ның Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты. Ережеге сәйкес, команда құрамы 4 адам (14-17 жас аралығындағы ер балалар), 2 адам (14-17 жас аралығындағы қыз балалар) қатысты. Бұл ПО-6, ПО-7, ХП-21, Б-4, ЭС-21, ЭС-19. топ студенттері.
Іс-шараның мақсаты: қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, жастарды ҚРҚК қызметіне дайындау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, Қостанай облысының әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының жұмысын қортындылау болды.
Балалар пневматикалық мылтықтан атудан жарысты. Ұлдар мен қыздарды атудың бастапқы позициясы – отырып, қолға тіреп ату болды.
Жарыс қорытындысы бойынша “Жас Сарбаз” ӘПК командасы жарысқа қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
Ақпаратты дайындаған: Фатхудинов Р.Р.
Нұрқанов М.К.