Ақпараттық-экономикалық пәндер кафедрасының пәндік онкүндігі

2024 жылғы 5 – 16 ақпан аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Ақпараттық-экономикалық пәндер кафедрасының пәндік онкүндігі өтеді. Онкүндік колледждің АКТ-құзыреттілігін дамыту, студент жастардың зерттеу әлеуетін ашу және неғұрлым ынталы және қабілетті студенттерді анықтау мақсатында жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

Онкүндіктің міндеттері: 

1. студенттердің ақпараттық және есептеу жүйелерін, Web-қосымшаларды бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы практикалық міндеттерді өз бетінше шешу қабілетін дамыту үшін жағдай жасау;

2. студенттерді өзіндік шығармашылық қызметке тарту;

3. студенттердің жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын қалыптастыру;

4. ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу процесінде оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Бұл онкүндік студенттерге арналған іс-шараларды қамтиды: информатика бойынша олимпиада, 7 сыныптан тыс іс-шаралар, «WorldSkills Kostanay KPVK-2024» кәсіби шеберлік конкурсының «Веб-технология», «Графикалық дизайн», «Заттар интернеті» құзыреттіліктері бойынша іріктеу кезеңі, 2 дөңгелек үстел, 2 конкурс, 10 бейнесабақ, 6 ашық сабақ, сондай-ақ «Техник-новатор» педагогикалық шеберлік байқауы.

Барлығын белсенді қатысуға шақырамыз!

Материалды директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
188 queries