- admin
- 13.01.2024
- No Comments
- Жаңалықтар
2024 жылғы 12 қаңтарда «Қостанай жоғары политехникалық колледжі мамандықтарының функционалдық талдауын зерттеу нәтижелері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында № 6 (3) педагогикалық кеңестің отырысы өтті. Отырыстың мақсаты: колледжде іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білім беру процесін жоспарлаудағы кәсіби құзыреттіліктерін талдау.
Аналитикалық-жоспарлаушы педагогикалық кеңес келесі міндеттерді шешуге бағытталды:
1) Оқу қызметінің мазмұны мен нәтижелерін айқындайтын негізгі құжаттарды қарау.
2) Оқыту нәтижелерін әзірлеудің заманауи тәсілдерін қарастыру.
3) Білім беру бағдарламаларында оқытудың қолданыстағы нәтижелеріне талдау жүргізу.
4) Оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді бағалаудың тиімді жүйелерін қарастыру.
5) Кәсіби қызметке функционалдық талдау жасау.
6) Білім алушылардың қажетті қалыптастырылатын кәсіби құзыреттерін қарастыру.
7)Білім беру бағдарламасындағы оқыту нәтижелерін айқындау.
8) Саладағы, кәсіпорындағы озық тәжірибені және маманның лауазымдық нұсқаулығын зерделеу.
Біздің педагогикалық кеңестің күн тәртібі мамандықтардың функционалдық талдауын зерттеу нәтижелері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кезеңдік қадамдарды іске асыру ретінде айқындалды. Колледж директоры Каткенов К.А. педагогикалық ұжым мен қызметкерлерді жақын болашақта білім берудегі зияткерлік жүйелерді дамыту векторларымен таныстырды.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Щербакова И.А. өз баяндамасында еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын трансформациялау аспектілерін ашып көрсетті. Баяндама тақырыбының жалғастырған оқу бөлімінің меңгерушісі Ибраева ТжКББ білім беру бағдарламаларын әзірлеу алгоритмін ұсынды. Сонымен қатар, бөлім меңгерушілері Балгужинова Ж.Е., Кусаинова Д.Б., Тайкова Г.Л., Лазарев Р.Н. колледж мамандықтары бойынша кәсіби қызметтің функционалдық талдауын ұсынды.
Отырыстың пікірталас бөлігінде колледж педагогтары мен әкімшілігі колледждің білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін және саладағы озық тәжірибені, оларды бағдарламаларда көрсету тәсілдерін талқылады.
Педагогикалық кеңестің соңында колледждің педагогтары марапатталды:
1. Искаков К.Е. – ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі,
2. Риженко Е.Т. – «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі,
3. Молдахаликова А.В. – «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісі,
4. Матвиенко Ю.В., Тулегенов Е.Н. – Қазақстандық оқу–ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық
кәсіподағының «Құрмет грамотасы»,
5. Шишкин В.В. –Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Алғыс хаты»,
6. Аяганова Б.З., Дюсекеева Л.К., Щербакова И.А., Контробаева Ж.Д. – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік кабинет» КММ-нің «Алғыс Хаты».
Материалды дайындаған директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш.