«Таза сессия» науқаны

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары

политехникалық колледжі» КМҚК-да жыл сайын студенттерді аралық және қорытынды аттестаттау алдында «Таза сессия» акциясы өткізіледі. Осы акцияны өткізу Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын Сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобы отырысының Хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылады.

Акцияның мақсаты студенттерге азаматтық ұстаным мен құқықтық сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу болып табылады.

Акцияға әкімшілік, оқытушылар, топ кураторлары және колледж студенттері қатысады.

Оқу үрдісіне қатысушыларға арналған Акция шеңберінде өткізілетін әңгімелер мен

іс-шараларда, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ колледжде жоғары колледждің беделіне нұқсан келтіру қаупі ретінде кез келген сыбайлас жемқорлық көрінісін жою, қабылдамау, жақтырмау және айыптау бойынша моральдық-психологиялық, адамгершілік ахуал құруға баса назар аударылады.

Топ кураторлары, студенттермен кураторлық сағаттарды, сондай-ақ ата-аналар

жиналыстарын өткізу барасында, студенттерді аралық аттестациялау кезінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акция, 2023 жылдың желтоқсан айы ішінде, аралық аттестаттау өткізілмес бұрын

барлық топтар үшін өткізілді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries