«Soft Skills пайдалану арқылы оқытушының тиімділігі» Жаңадан бастаған оқытушылар мектебі

2023 жылғы 21 қыркүйекте Қостанай жоғары политехникалық колледжінің Жаңадан бастаған оқытушылар мектебінің оқытушы-тыңдаушылары үшін колледждің әдістемелік қызметімен Soft Skills дағдыларын дамыту бойынша семинар өткізілді. Семинар спикері ағылшын тілі оқытушысы, «Parasat» Студенттік ғылыми қоғамының жетекшісі Каркабатова Сулу Эралловна тыңдаушыларға икемді  немесе жұмсақ дағдылар: эмоционалды интеллект, коммуникабельділік, шешендік өнер, эмпатия, әңгімелесуге қатысу, ұжымда жұмыс істеу, икемді ақыл, шығармашылық көзқарас, аналитикалық ойлау, жеке тиімділік туралы айтып берді. Спикер эмоционалды интеллектке тест өткізді, Жаңадан бастаған оқытушылар мектебінің тыңдаушыларымен эмоциялар мен оларды оқи білу туралы пікірталас жүргізді, «эмоциялар» бейнеролигіне талдау жүргізді, өз эмоцияларын білдіру және айту қабілетін дамытуға арналған карточкалармен жұмыс жүргізді, тыңдаушылармен шешендік өнерді дамытуға арналған сөйлеу жаттығулары өткізілді. Семинар соңында Сулу Эралловна өлең оқыды.

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
186 queries