Құрметті талапкерлер! Сіздердің назарларыңызға “бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығы

Құрметті талапкерлер! Қымбатты балалар!

Бүгінгі таңда беделді және жақсы төленетін мамандықтардың бірі – Бағдарламашы мамандығы болып табылады. Және бұл түсінікті, себебі біз IT-технологиялар дамыған ақпараттық қоғам дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Өйткені, әртүрлі бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, компьютерлік бағдарламаларды, сайттарды, веб-қызметтерді және мобильді қосымшаларды жасайтын – ол бағдарламашылар. Қоғамның барлық салаларын, соның ішінде тұрмыстық саланы цифрландыру дәуірінде бағдарламашылар ауадай қажет.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы негізінде цифрлық технологиялар жаңа IT-мамандықтардың пайда болуына ықпал етеді. Бұл «Кеңейтілген және виртуалды шындық дизайнері», «Мәліметтер базасын жасаушы», «Электронды киім бағдарламашысы», «Киберқауіпсіздік маманы», «Ақылды үй» инфрақұрылымын жобалаушы», «Агрокибернетик», «Жасанды интеллект және нейрондық желілерді жасаушы» сияқты мамандықтар. Бұл жаңа IT-мамандықтардың толық тізімі емес, олардың кейбіреулері 2025 жылы пайда болады.

Жақын арада жаңа перспективалы IT-мамандықтарды игеруге дайын болу үшін бүгін «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша базалық кәсіптік білім алу қажет.

Қостанай жоғары политехникалық колледж 2023 жылдың түлектерін «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына түсуге шақырады. IT-саладағы болашақ мамандарды сапалы кәсіби даярлау үшін бізде сапалы жағдайлар жасалған: соңғы технологиямен жабдықталған компьютерлік сыныптар, оқу аудиториялары, IT-орталық, робототехника кабинеттері, жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейді.

Құрметті балалар! Егер сендер бүгін өз болашақтарыңды ойласаңдар, беделді бағдарламашы мамандығын таңдап, бізге оқуға келіңдер!

Біз сендерді күтеміз!


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
186 queries