- admin
- 08.02.2023
- No Comments
- Жаңалықтар
Кәсіптік бағдар беру – бұл мектеп оқушыларының кәсіби қызметтің белгілі бір түрлеріне бейімділігі мен талантын анықтауға арналған іс-шаралар кешені, сондай-ақ жұмысқа дайындықты қалыптастыруға және мансап жолын таңдауға көмектесуге бағытталған іс-шаралар жүйесі. Кәсіптік бағдарлау қызметінің мақсаты-қолайлы мамандықты сәтті таңдау. Мамандық таңдау-адам өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі.
02.02.2023 ж. Торғай кентіндегі Жангелдин ауданының жалпы білім беретін мектептерінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов және Г. Иванов мектептерінде жүргізілді. Мектеп оқушыларына колледж мамандықтары туралы толық ақпарат берілді, сондай-ақ буклеттер таратылды. Колледж туралы қызықты бейнероликтер көрсетілді. Мектеп оқушылары ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Барлығы 85 оқушы қамтылды.
Ақпаратты дайындаған: Ахметжанова Д.К.