- admin
- 13.06.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
2022 жылдың 10 маусымында 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының 2 курс студенттері «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ ұйымдастырған Ашық есік күніне қатысты.
Іс-шарада Департамент бойынша қызықты экскурсия болды, бөлім басшылары мекеменің қалыптасу тарихын айтып, олардың қалай басшы болғаны, мемлекеттік қызметке не әкелгені туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Мемлекеттік қызметшінің салық саласындағы басты қасиеттері туралы баяндалды: адалдық, парасаттылық, адамдарға көмектесу ниеті, жоғары кәсібилік, тұлғаның жан-жақты дамуы, еңбексүйгіштік. Сондай-ақ балаларды түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа шақырды.
Сондай-ақ, «Қостанай қ. Халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ қызметкерлері колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бағдарламасына шолу жасады.
Матвиенко Ю.В.
Карпуть А.В.
Журсиналина Г.С.