Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясына Экскурсия
- admin
- 30.04.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
28 сәуірде “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясына барды.
Студенттер үшін этномәдени орталықтар бойынша ағартушылық экскурсия өткізілді. Осылайша, білім алушыларға Қазақстан аумағында тұратын түрлі этностардың мәдениетімен, өнерімен, әдебиетімен танысуға мүмкіндік берілді.Студенттер экскурсоводтармен әңгімелесуге қатысып, сұрақтар қойып, түрлі сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен, тұрмыстық заттармен, түрлі тілдердегі кітаптармен суретке түсті.