Кәсіби сынамалар

Кәсіби сынама кәсіби қызметтің нақты түрінің элементтерін модельдейді, кәсіптердің саналы, негізделген таңдауына ықпал етеді.

Кәсіби сынаманы өткізу, сөзсіз, оқушылардың кәсіби бағдарындағы маңызды элемент. Қазірдің өзінде жасөспірімдер өзінің болашақ мансабы туралы ойлана алады, қандай да бір мамандықтың міндеттері оларға қаншалықты маңызды және қызықты екенін бағалауға, сондай-ақ алғашқы дағдылары мен құзыреттіліктерді  ала алады.

2022 жылдың 24 ақпанында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында күндізгі форматта кәсіби сынамалар өтті. Мамандық таңдауға қызығушылық танытқан 130 оқушы келді. Қостанай қаласы мектептерінің 9 сынып оқушыларына №5,6,8,16,20,23,25 «Электрмен қамтамасыз ету», «Бағдарламалық қамтамасыз ту» (түрлері бойынша), «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі», «Стандарттау, метрология и сертификаттау (салалар бойынша)», «Есеп және аудит (салалар бойынша)», «Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі», «Машина жасау технологиясы» мамандықтары бойынша кәсіби сынамалардан өтудің бірегей мүмкіндігі ұсынылды.

Арнайы пәндер оқытушылары мектеп оқушылары үшін мастер-класстар өткізді, оқушыларға электрмен жабдықтау бойынша схеманы өздері жинауға және оның жұмыс қабілеттілігін тексеруге, механикалық жүйелер элементтерінің беріктігін тексеруге, элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісінің бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін зертханалық талдау жүргізуге, бизнес – жоспарлар жасауға, сандар, шифрлар және кодтар жүйелерімен жұмыс істеу, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіруге қатысуға мүмкіндік берді.

Болашақ талапкерлерге болашақ мамандығында өзін сынап көру ұнады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
186 queries