«Digital Kostanay – 2021» IT жобаларының Startupбайқауы

2021 жылғы 28 желтоқсанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қостанай қаласының әкімдігі «Қостанай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен және А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Өңірлік Smart-орталығымен бірлесіп қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері арасында «DigitalKostanay-2021» үздік IT – жобалар конкурсын өткізді.

Қостанай жоғары политехникалық колледжі студенттерінің конкурстық іріктеуіне келесі бағыттар бойынша 5 жоба ұсынылды:

  • IT-жобалар, технологиялар;
  • Мобильді қосымшалар.

Байқаудың жүлде қоры:

  • 1 орын – Samsung планшеті
  • 2 орын – Samsung Galaxy A22 64 GB смартфоны
  • 3 орын – Samsung Galaxy A12 32 GB смартфоны

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері 3 жобаны ұсынды.

07880100 «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығының 1 курс студенті Мулюков Даниэль «Green Planet» жобасымен 2 орын алды, жоба жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Маканова Гульнара Исенкильдаевна.

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

(түрлері бойынша)» мамандығының 4 курс студенті Ивашешин Владислав «3D-голограмма» жобасымен 3 орын алды, жоба жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Д.Д. Кенешов. Пушкарева А.В., Изделюева С.С.

 

Материалды дайындаған Ж. Ш. Кайпбаева, Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
188 queries