Жалпықазақстандық ашық диктант өтті

Бүгін біздің колледжде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбында  ашық диктант өткізілді.  Диктант офлайн форматында ұйымдастырылды.

Ашық диктантқа колледж оқытушылары мен 1-4 курс студенттері қатысты. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.  Диктантқа қатысушылар сауатты жазудың әрбір адам үшін маңызды екенін атап өтті.

Материалды дайындаған әдіскер Казиева У.Ж.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Защита прав потребителя
169 queries