- admin
- 05.06.2021
- No Comments
- Жаңалықтар
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері бүкіл әлемнің негізгі құндылықтарын – бірлікті, бейбітшілікті, ашықтықты, ілгерілеуді, болашаққа ұмтылысты бейнелейді.
3 маусымда колледж еріктілері Мемлекеттік рәміздер күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Менің елімнің туы» патриоттық акциясы аясында ерекше флэшмобқа қатысты.
Еріктілер қозғалысының белсенділері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуіне орай Қазақстан Республикасының туын желбірету үшін облыс әкімдігінің алдындағы алаңға жиналды. Флэшмоб қазақ халық биінен басталды. Акцияның қорытынды бөлімінде еріктілер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері ПВХ пазлдарынан Қазақстан туының бейнесін жинады. Жинап алынған 18 шаршы метрлік жалау іс-шараның ерекшелігі болды.
Бұл акция қазақстандықтардың патриоттық сезімдерін нығайтуға және олардың Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсінуге бағытталған.
Ақпаратты колледждің педагог-ұйымдастырушы А.В. Пушкарева дайынды.