«Адал және әділ ұрпақ – еліміздің болашағы!» Дөңгелек үстел

11 мамырда «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері 1 курс студенттеріне арналған «Адал және әділ ұрпақ – еліміздің болашағы!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлық құбылысын, оның пайда болу себептерін, дамуына ықпал ететін факторларды тануының теориялық деңгейін тереңдету, студенттерге азаматтық ұстаным мен құқықтық сананы сіңіру, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында студенттер тұлғаның жалпыадамзаттық мәдениетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес техникасы, бюрократия және сыбайлас жемқорлық проблемалары туралы баяндамалар жасады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесін атап өтті.

«Дөңгелек үстелдің» барлық қатысушылары қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігіне қоғамның барлық демократиялық институттарының бірлескен, жүйелі қызметі арқылы қол жеткізуге болатынына назар аударды.

Ақпаратты қоғамдық пәндер оқытушысы Л.Ф. Шакирова, ұйымдастырушы-педагог А.В. Пушкарева дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
171 queries