СМЖ «Қостанай политехникалық колледжі» КМҚК енгізу

Білім беру жүйесін жаңғырту мәселесінде сапалы білім беру қызметтерін ұсыну үшін тиісті жағдай жасау сияқты және жаңа жұмыс әдіс-тәсілдерін іздеу секілді міндеттерін қояды. Қостанай политехникалық колледжі болашағы бар инновациялық оқу орны ретінде қазіргі заманға сай білікті мамандарды даярлайды.

Еліміздің үдемелі индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты басқарудың инновациялық модельдерін енгізу жөн болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында халықаралық техникалық стандарттарын жедел және кеңінен енгізу қажеттілігіне тура сілтеді. Білім беру қызмет сапасын басқарудың инновациялық әдістерінің бірі 2015 жылдың қазан айында қабылданған Сапа менеджменті жүйесін колледжде енгізу туралы шешімі болды. СМЖ енгізу алдын ала дайындалған, бекітілген және қолданысқа енгізілген құжаттарға сәйкес колледждің үрдістік басқаруға ауысу дегенді білдіреді. СМЖ моделі ретінде ИСО 9001:2009 сериялы халықаралық сапа стандарттарында бекітілген сапаны басқару моделіне сүйенеміз. Колледж ішіндегі қолданыстағы СМЖ негізгі мақсаты: мамандарды даялаудың бірыңғай үрдісін құрастырушы ретінде ұсынылатын оқу, ғылыми-әдістемелік және тәрбие жұмысының біртұтастығы. Ұйымдастыру қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері Сапа саласындағы саясаты және Сапа саласындағы мақсаты сияқты әзірленген құжаттарда көрсетілген. СМЖ қағидаларының бірі – қызметкерлерді тарту болып табылады. Сондықтан колледждің әр қызметкері директордан бастап қосалқы-шаруашылық қызметінің жұмысшыларына дейін Саясат мазмұнымен таныстырылды. Колледждегі барлық деңгейдегі қызметкерлер колледждің білім беру қызметінде сапаны жақсарту және қолдау бойынша жұмысына тартылды.

СМЖ құжаттарын әзірлеу және енгізуді қамтамасыз ету үшін колледж қызметкерлері тиісті курстан өтіп, сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторлар сертификатын алды. «НаЦЭкс» АҚ мамандары колледж қызметкерлері үшін «ҚР СТ ИС 9001-2009 стандартына шолу» атты тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

СМЖ енгізу – ұсынылып отырған білім беру қызметтері тұтушының талаптарына сәйкестігінің кепілі, бұл коллеждің стратегиялық бағытын қолдау және нығайту. Қолданыстағы СМЖ білім алушылардың білім беру қызмет сапасы бойынша жоғарғы деңгейде білім алатынын, ал ата-аналар колледждің қызметімен, ұсынылып отырған білім беру қызметтерімен қанағаттанатынын, колледж ұжымы оқу-тәрбие үрдісінің сапасын бақылау жүйесін жетілдіретінін, жұмыс берушілер бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарымен қамтылатынын, колледж әкімшілігі ұжымды басқарудың жаңа тетіктерін іске асыратынын білдіреді.

Колледжіміз ИСО 9001-2009 ҚР СТ талаптары аясында қызмет ете алудың және өз міндеттемелерін орындай алудың объективті дәлелі ретінде сыртқы аудит өткеннен кейін табысталған СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫМЫЗ болып табылады!

Ақпаратты дайындаған СМЖ бөлімінің жетекшісі А.Сегизбаева

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries