«Жасөспірім және заң» интеллектуалдық ойыны өтті

Бүгін Костанай политехникалық жоғары колледжінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 1 курс студенттеріне арналған «Жасөспірім және заң» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараны колледждің оқытушысы Газизова Назира Булатовна өткізді.
Шараның негізгі мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынға 1 СИБ-1, 1Б-8 және 1ПО-10 топтарының студенттері қатысып, үш командаға бөлінді: «Әділдік», «Заңгерлер», «Білгірлер». Интеллектуалдық сайыс бірнеше кезеңнен тұрды, әр бөлімде қатысушылар құқық, міндет, заң, жауапкершілік және күнделікті өмірде туындайтын құқықтық жағдайларға байланысты сұрақтарға жауап берді.
Шара барысында студенттер өз пікірін дәлелдеуге, заңдық жағдайларды талдауға және дұрыс шешім қабылдауға машықтанды. Интерактивті тақта, карточкалар және бағалау парақтары ойынның мазмұнын байыта түсті.
Іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға оң ықпал етті. Ойын соңында үздік командалар марапаттау қағаздарымен құрметтелді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

179 queries