Құқықтық сағат: Буллинг немесе қалай құрбан болмауға болады

Бүгін КПВК-де буллинг тақырыбына және одан қорғану жолдарына арналған «Құқықтық сағат» өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілі Яна Витальевна қатысып, студенттермен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында Яна Витальевна буллингтің жай ғана қалжың немесе келеке емес, адамға зиян келтіретін және әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін күрделі мәселе екенін атап өтті. Әсіресе кибербуллинг, жалған ақпарат тарату және психологиялық қысым көрсету сияқты түрлеріне ерекше назар аударылды.

Құқық қорғау органының өкілі буллинг жағдайларын жасырмай, дер кезінде үлкендерге немесе тиісті органдарға хабарлау қажет екенін түсіндірді. Сонымен қатар студенттерге бір-біріне құрметпен қарау және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алу керектігі ескертілді.

Кездесу барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, студенттердің қызығушылығын арттырды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *