Құқықтық көмек

Құрметті студент!

Егер сізде колледжде немесе үйде, маңызды шешім қабылдауда қиындық туындаса, жанжалды жағдайдан шығу жолын таппасаң немесе  құрдастарымен, ата-аналармен және оқытушылармен қарым-қатынастарын қиын болып жатса, сенім телефоны арқылы көмекке жүгініңіз.

Сенім телефоны – бұл тегін жасырын жедел психологиялық көмек қызметі.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ БОЙЫНША КӨМЕК ТӘУЛІК БОЙЫ, ЖАСЫРЫН, ҚҰПИЯ ТҮРІНДЕ ЖӘНЕ ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ!

«111» – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Ұлттық Колл-орталығы (балаларды шұғыл қолдау орталығы)

«150» – Бірыңғай сенім телефоны

8 (7172)742528 – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

39-08-50 – Білім бөлімінің Балалардың құқықтарын сақтау және қорғау секторы

54-04-07 – Қостанай қ. ІІБ

53-22-35 – Жыныстық және репродуктивтік денсаулық бойынша Қазақстан қауымдастығының ҚБ Қостанай филиалы

22-65-32 – Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы

54-92-26 – «Көмек» ОФ

55-36-36 – Әйелдер мен балаларды бейімдеу орталығы

37-05-97 – Облыстық ЖИТС орталығы

57-73-22 – Облыстық психоневрологиялық диспансер

57-72-35 – Облыстық наркологиялық диспансер

52-63-01– Қостанай облысы бойынша Ішкі істер департаменті

52-61-55 – Қостанай облысы бойынша ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы

87772335033, (105) – Колледждің әлеуметтік педагогы – Тажитаева Айнур Сагидуллаевна.

Жастардың мінез-құлқын реттейтін ҚР Әкімшілік кодексінің

 негізгі баптары

73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру

  1. Денсаулықтың қысқа мерзімді бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру –

     он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

73-2-бап. Ұрып-соғу

  1. Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

434-бап. Ұсақ бұзақылық

28.12.17 ж. № 127-VI ҚР Заңына сәйкес өзгерістер 1-бөліміне өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қараңыз)

  1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиісу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, сыйламаушылықты білдіретін басқа да осындай әрекеттер – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

438-бап. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру

  1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру –

      жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу

  1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу –

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

441-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу

1-бөлігі 06.04.2015 ж. № 299-V ҚР Заңының жаңа редакциясында берілген (бұр. ред. қара); 10.05.17 ж. № 64-VI ҚР Заңына сәйкес өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)

  1. Осы Кодекстің 564-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу белгіленген жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтыну –

жеке тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы

  1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2-бөлігі 29.12.2014 ж. № 272-V ҚР Заңының  редакциясында берілген (бұр. ред. қара)

  1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы –

      заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

448-бап. Кәмелетке толмағандардың вандализмі

      Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді, адамдар жерленген жерлерді жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен қорлауы, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіруі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
168 queries