Түсіндіру тренингі (дөңгелек үстел)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау туралы

17 наурызда қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндірме сабағы өткізілді. Сөз сөйлеген бас есепші Л.Глебова мен заң кеңесшісі Р.Мусаинова мемлекеттік сатып алу бастамашыларының назарын талап етілетін техникалық және сапалық сипаттамаларды толық сипаттай отырып, тауарларға, қызметтерге, жұмыстарға техникалық шарттарды әзірлеуге аударды. Қажетті тауарлардың немесе қызметтердің егжей-тегжейлі сипаттамасы жеткізушінің шарттық міндеттемелерін адал орындауының шешуші шарты болып табылады. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінің 12-тармағында тараптардың сыбайлас жемқорлық әрекеттерге тартылуы мүмкін іскерлік қатынастардың тәуекелдерін барынша азайтуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жәрдемдесуге ақылға қонымды күш салулары қажет екендігі атап көрсетілген. с-шараның мақсаты қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті тәрбиелеу, кәсіби қызметінде құқықтық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету болды.Отырыста «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері, сондай-ақ білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар талаптары қаралды.Қатысушыларға білім беру мекемесі қызметкерлерінің қызметін реттейтін заңнамалық нормалар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жазалар туралы түсіндірілді.Талқылау барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін жағдайларға практикалық мысалдар келтіріліп, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Осындай түсіндірме шараларын өткізу колледж қызметіндегі адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *