- admin
- 06.12.2023
ТҰРҒЫНДАР ҮШІН
2023 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде орналастыруға арналған ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жөніндегі ақпарат
Құрметті Қостанай облысының тұрғындары! 2021 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ (бұдан әрі – ӘРПК) қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз.
ӘРПК азаматтарға және заңды тұлғаларға мемлекеттік органдармен (әкімшілік органдармен) дауларда көмек көрсетеді, сондай-ақ жоғары тұрған органға шағым берудің ерекше рәсімін көздейді (ӘРПК-тің 91-бабының 4-тармағы).
ӘРПК-тің 91-бабының 1-тармағына сәйкес «Шағымдану тәртібі»:
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда азаматтар және заңды тұлғалар әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасауға құқылы.
ӘРПК-тің 91-бабының 4-тармағына сәйкес «Шағымдану тәртібі»:
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтық ақпаратты Сall-орталық (Құқықтық ақпараттық қызмет) арқылы 119 нөмірі бойынша (бүкіл Қазақстан бойынша стационарлық телефондардан), сондай-ақ «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтындағы «Виртуалды консультант» айдары (http://adilet.zan.kz/rus) арқылы ала алады.
Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің және Фридрих Эберт Қорының (FES) Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен Әділет министрлігінің қатысуымен «ӘРПК күрделі туралы қарапайым сөздермен» арнайы брошюра әзірленді.