- admin
- 09.12.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
1–5 желтоқсан аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде студенттердің қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталған «Qarzhy Sagshysy» компьютерлік ойыны өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру, жеке бюджетті басқару дағдыларын дамыту және қаражатты тиімді пайдаланудың негізгі қағидаларымен таныстыру болды.
Апта барысында ойынды 1 және 2 курсқа жататын 22 академиялық топ толықтай өтті. Қатысушылар интерактивті форматта қаржылық жоспарлау, жинақ қаражатын басқару, қауіпсіз қаржылық шешім қабылдау, шығындарды оңтайландыру сияқты маңызды тақырыптарды меңгерді.
«Qarzhy Sagshysy» ойыны шынайы өмірлік жағдаяттарды модельдеу арқылы студенттердің қызығушылығын арттырып, қаржылық тәуекелдерді бағалау, бюджетті дұрыс бөлу және қабылданған шешімдердің салдарын түсіну мүмкіндігін берді.
Іс-шара нәтижелері студенттердің қаржылық сауаттылыққа деген жоғары қызығушылығын көрсетті. Ойын форматы оқу материалының қолжетімділігін арттырып, теориялық білімді тәжірибеде бекітуге жағдай жасады.
«Qarzhy Sagshysy» ойыны колледждің студенттер арасында қаржылық сауаттылықты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының маңызды кезеңіне айналды.






