«Student Vision 2026»

6 сәуір күні колледжіміздің ПО-11, ПО-12, СИБ-2, СТ-9 және ХП-27 топтарының бірінші курс студенттері арасында «Саналы Ұрпақ» клубы аясында «Адал әрі әділетті ұрпақ – еліміздің болашағы!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 46 студент қатысты.

Іс-шараның мақсаты — жастардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, адалдық, әділеттілік және азаматтық жауапкершілік қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ ел болашағындағы жас ұрпақтың рөлін ұғындыру.

Іс-шара интерактивті форматта өтті. Ice breaker кезеңінде студенттерге түрлі өмірлік жағдаяттар ұсынылып, олардан таңдау жасау талап етілді: адал әрекет ету ме, әлде тиімді жолды таңдау ма. Қатысушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, шешімдерін дәлелдеп, күнделікті өмірде моральдық таңдаудың маңыздылығын талқылады.

Дөңгелек үстелдің негізгі бөлімінде студенттер кейс тапсырмаларымен жұмыс жасады. Топтарда олар нақты әлеуметтік жағдайларды талдап, мәселенің шешу жолдарын ұсынды және адал әрі жауапты мінез-құлықтың қоғам болашағына әсерін талқылады. Әсіресе, әділеттілік пен адалдық құндылықтарын ұстанатын жас ұрпақтың рөліне ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында қатысушылар жеке жауапкершілік, адалдықтың мансап пен қоғамдық сенімге әсері, сондай-ақ белсенді жастардың ел болашағын қалыптастырудағы маңызы туралы ой бөлісті.

Іс-шара ашық диалог, белсенділік және студенттердің қызығушылығы жағдайында өтті. Мұндай кездесулер сыни ойлауды дамытуға, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және жастардың адалдық пен әділеттілікке ұмтылысын арттыруға ықпал етеді.

Ақпаратты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы: Вдовиков А.А.
#адал_азамат #саналы_ұрпақ


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *