ҚПЖК-де №31 мектептің 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы өтті
- admin
- 29.01.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгін Қостанай политехникалық жоғары колледжінде (ҚПЖК) №31 мектептің 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің білім беру бағдарламаларымен, мамандықтарымен және оқу шарттарымен танысты. Колледж өкілдері сұранысқа ие мамандықтар, оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіби даму жолдары туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, оқушылар үшін оқу кабинеттері мен шеберханалар бойынша экскурсия ұйымдастырылып, болашақ мамандықты таңдауға қажетті пайдалы мәліметтер ұсынылды.




