- admin
- 10.02.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 9 ақпанда ҚПВК-да
«Мінез-құлықтық қауіп факторлары. Отбасын жоспарлау. Психоэмоционалдық шамадан тыс жүктеменің алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс ұйымдастырылды.
Дәрісті акушер Гадиева Луиза Исаевна жүргізді. Іс-шара барысында репродуктивті денсаулыққа әсер ететін негізгі мінез-құлықтық қауіп факторлары, отбасын жоспарлауға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы, сондай-ақ психоэмоционалдық шамадан тыс жүктеме мен күйзелістің алдын алу жолдары қарастырылды.
Репродуктивті денсаулықты сақтау және қалаусыз жүктіліктің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дәріс аясында қатысушыларға қалаусыз жүктілік проблемасы және оның мүмкін болатын салдары туралы бейнематериал көрсетілді.
Аталған іс-шара ақпараттық-ағартушылық сипатта өтті және қатысушылардың өз денсаулығына саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және медициналық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталды.





