- admin
- 29.01.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 29 қаңтарда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларына арналған «Кәсіби сынамалар» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.
Іс-шараға келесі жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары қатысты:
№22 мектеп – 35 оқушы;
№23 мектеп – 11 оқушы;
№25 мектеп – 14 оқушы;
№27 мектеп – 27 оқушы;
№28 мектеп – 35 оқушы;
№29 мектеп – 29 оқушы;
№30 мектеп – 22 оқушы;
№31 мектеп – 18 оқушы;
№122 мектеп – 10 оқушы;
Тобыл қаласының гимназиясы – 12 оқушы;
Дружбинская орта мектебі – 20 оқушы;
Тобыл қаласының №1 орта мектебі – 10 оқушы;
Заречное орта мектебі – 23 оқушы.
Іс-шара барысында оқушыларға колледжде жүзеге асырылатын білім беру бағыттары, оқу шарттары және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды. Кәсіби сынамалар форматы мектеп оқушыларына теориялық мәлімет алып қана қоймай, оқу зертханалары мен шеберханалар базасында практикалық сабақтарға қатысуға мүмкіндік берді.
Оқушылар келесі мамандықтармен танысты: технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару, электрмен жабдықтау, бағдарламалық қамтамасыз ету, нан пісіру, макарон және кондитерлік өндіріс, стандарттау, метрология және сертификаттау, есеп және аудит, элеваторлық, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі, машина жасау технологиясы.
Практикалық сабақтар оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен өткізілді. Қатысушылар заманауи жабдықтарды пайдалана отырып тапсырмалар орындап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ кәсіби қызметтің нақты жағдайларымен танысты.
Өткізілген іс-шара оқушылар тарапынан оң пікірге ие болып, олардың кәсіби өзін-өзі анықтауында маңызды кезеңге айналды, қызығушылықтарын айқындап, алдағы білім беру бағытын таңдауға мүмкіндік берді
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы
#адал_азамат






