Мамандыққа алғашқы қадам: 9-сынып оқушылары ҚПЖК-дегі кәсіби сынақтарда

2026 жылғы 21 қаңтарда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде (ҚПЖК) қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби сынақтар өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды мамандықтар әлемімен таныстыру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру және техникалық әрі кәсіптік білімге қызығушылықты арттыру.

Кәсіби сынақтар барысында оқушылар колледждің IT-орталығын, оқу кабинеттері мен шеберханаларын аралап, оқытушылардың жетекшілігімен түрлі бағыттар бойынша өздерін сынап көрді. Олар оқу шарттарымен, заманауи жабдықтармен және мамандықтардың ерекшеліктерімен танысты.

Кәсіби сынақтарға қала мектептерінің 9-сынып оқушылары педагогтердің сүйемелдеуімен қатысты:
№16 мектеп – Брозе О.В., Риженко Е.Т. (20 оқушы);
№17 мектеп – Хусанова А.Т., Бейсенова Х.Б. (20 оқушы);
№18 мектеп – Суфиярова Л.В. (20 оқушы);
№19 мектеп – Байбулатова А.Ж., Ескалиева Ш.Б. (30 оқушы);
№20 мектеп – Нурканов М.К., Шаракулова А.А. (25 оқушы);
№21 мектеп – Кужахметова А.Ж. (20 оқушы);
№2 мектеп (Тобыл қ.) – Задорожнюк В.В. (33 оқушы).

Барлығы 168 оқушы кәсіби сынақтарға қатысты.

Бұл іс-шара оқушыларға тәжірибелік дағды алуға, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап табуға және кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтауға мүмкіндік берді.

ҚПЖК жастарға кәсіби бағдар беру және қала мектептерімен ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Бөлім меңгерушісі: Лазарев Р.Н.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

175 queries