- admin
- 29.12.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
2025 жылғы 27 желтоқсанда КПВК колледжінде қыздар арасында волейболдан колледж біріншілігі өтті. Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында волейбол спортын дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтырумен айналысуға ынтаны арттыру, сондай-ақ командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарысқа әртүрлі мамандықтар бойынша командалар қатысты. Ойындар тартысты әрі қызықты өтті, қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын — Нан өнімдерін өндіру мамандығының командасы;
2 орын — Бухгалтерлер командасы;
3 орын — Бағдарламашылар командасы.
Бұл біріншілік студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, колледждің спорттық дәстүрлерін нығайтуға ықпал етті.



