- admin
- 17.12.2025
- No Comments
- Жаңалықтар
«Менің эмоционалды денсаулығым» арт-терапиялық сабағы
2025 жылғы 17 желтоқсанда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Біз біргеміз» волонтёрлік қозғалысының ұйымдастыруымен «Менің эмоционалды денсаулығым» тақырыбында арт-терапиялық сабақ өткізілді.
Іс-шараға «Біз біргеміз» психологиялық еріктілер белсенді қатысушылары – 15 студент қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың эмоциялық саулығын нығайту, ішкі кернеуді азайту және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту. Сабақ барысында тыныс алу жаттығулары мен шығармашылық тапсырмалар арқылы студенттер өз эмоцияларын түсініп, түстер мен бейнелер арқылы еркін жеткізді.
Арт-терапиялық сабақ жылы, сенімді атмосферада өтіп, қатысушылардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға және жағымды психологиялық көңіл-күй қалыптастыруға ықпал етті.
Ақпаратты дайындаған: педагог-психолог Қайырғалиқызы Н.
#адал_азамат





