- admin
- 06.01.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 6 қаңтарда «Көмек қасыңда» акциясы аясында «Мейірімді жүрек» волонтёрлік жасағының мүшелері аға буын өкілдеріне қамқорлық пен ықылас көрсетті.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында еріктілер жалғыз тұратын әжеге барып, оны мерекемен құттықтап, зор денсаулық, жылулық пен амандық тіледі. Кездесу шынайы көңіл-күй мен жылы лебіздерге толы, мейірімге толы атмосферада өтті.
Құттықтаумен қатар, волонтёрлер нақты көмек көрсетіп, әженің ауласы мен айналасындағы аумақты қардан тазалады. Мұндай қолдау қыс мезгілінде ерекше маңызды, себебі қарт адамдарға тұрмыстық жұмыстарды өз бетінше атқару қиынға соғады.
«Көмек қасыңда» акциясы жанашырлық, қамқорлық пен игі істердің ең аязды күннің өзінде жылулық сыйлай алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. «Мейірімді жүрек» волонтёрлері: басқаларға көмектесу арқылы біз әлемді мейірімді ете түсеміз, — деп сенеді.
Газизова Н.Б., педагог-ұйымдастырушы
#адал_азамат





