- admin
- 23.01.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
19 қаңтарда КПВК-де құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу форматында «Заң мамандықтары» тақырыбында әңгіме өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында орган өкілдері заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік және заңға қайшы әрекеттердің салдары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жеке жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қауіпті және жанжалды жағдайлардың алдын алу жолдарына ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог түрінде өтті: білім алушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Мұндай іс-шаралар құқықтық сана қалыптастыруға және жасөспірімдердің күнделікті өмірде заңға бағынудың маңызын түсінуіне ықпал етеді.


Әлеуметтік педагог: Муслимова Е.А.


