- admin
- 11.09.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 3-9 қыркүйек аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде студенттер арасында «Менің отбасым — менің байлығым!» тақырыбында сурет көрме-байқауы өткізілді.
Байқау отбасылық құндылықтарды нығайту, туған-туыстарға деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ жастардың шығармашылық қабілеттері мен рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау жұмыстарының негізгі тақырыбы — отбасы, оның сүйіспеншілігі, қамқорлығы, өзара түсіністігі, құрметі мен бірлігі. Студенттер бейнелеу өнері арқылы өздерінің жақындарына деген сезімдерін жеткізіп, отбасылық дәстүрлердің маңыздылығын көрсете алды және отбасы жылуын өз шығармаларында бейнеледі.
Көрме-байқауға 2-курс студенттерінен 2А-4, 2Э-16, 2ПО-10, 2ПО-11, 2ПО-12, 2СИБ-1, 2СИБ-2, 2Б-9 және 2М-16 оқу топтары қатысты.
Сонымен қатар шығармашылық бастамаға 1-курс студенттері де қызығушылық танытты. Байқауға 1СИБ-4, 1Б-10 және 1Б-11 оқу топтарының студенттері қатысуға ниет білдірді.
Ұсынылған жұмыстар отбасылық өмірдің әртүрлі қырларына арналды. Студенттер өз суреттерінде ата-аналар мен балаларды, ата-әжелерді, отбасылық мерекелерді, бірге өткізген демалысты, дәстүрлер мен есте қаларлық сәттерді бейнеледі. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен дараланып, қатысушыларға «Менің отбасым — менің байлығым!» тақырыбын өз көзқарастарымен ашуға мүмкіндік берді.
Байқау жұмыстарын бағалау кезінде тақырыпқа сәйкестігі, отбасы және отбасылық құндылықтар тақырыбының ашылу деңгейі, өзіндік ерекшелігі мен шығармашылық көзқарасы, көркемдік шеберлігі мен орындалу сапасы, жұмыстың эстетикалық безендірілуі, эмоционалдылығы мен мәнерлілігі ескерілді.
Көрме-байқау студенттердің шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар маңызды тәрбиелік іс-шара болды. Ол жастардың отбасының маңыздылығына, жақындарына деген сүйіспеншілік пен құрметке, сондай-ақ отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауға назар аударуына ықпал етті.
Көрме-байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Үздік шығармашылық жұмыстар колледжде ұйымдастырылған тақырыптық көрмеде ұсынылып, Қостанай политехникалық жоғары колледжінің ақпараттық ресурстары мен әлеуметтік желілерінде орналастырылды.
Байқау барысында отбасы тақырыбының әр адамға жақын әрі маңызды екені тағы бір мәрте дәлелденді. Студенттер өз жұмыстарында туған-туыстарына деген жылулықты, шынайылықты және сүйіспеншілікті жеткізе отырып, отбасының әр адам үшін қолдау, қамқорлық пен күштің қайнар көзі екенін көрсетті.
«Менің отбасым — менің байлығым!» — бұл жай ғана байқау тақырыбы емес, әр адамның жүрегінде сақталатын маңызды өмірлік құндылық.
Орындаған:
педагог-ұйымдастырушы Ғазизова Назира Булатовна





