- admin
- 29.04.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
27 сәуір күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде (КПВК) Jastar Med жастар денсаулық орталығы ұйымдастырған дәріс өтті.
Кездесу тақырыбы репродуктивті денсаулықты қорғау, жыныстық қолсұғылмаушылық және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу мәселелерін қамтыды. Іс-шара студенттердің ақпараттылығын арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталды.
Дәрісті терапевт-дәрігер Жанкебаева Асель Ермагамбетовна жүргізді. Кездесу барысында маман репродуктивті денсаулықты сақтау, жеке шекараны сақтау маңыздылығы және ЖЖБИ-дің алдын алу шаралары туралы жан-жақты түсіндірді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пайдалы кеңестер алды.
Дәріске 1СТ-9, 1ХП-27, 1Б-9 топтарының студенттері қатысты. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, білім алушылардың қызығушылығын тудырды.
#адал_азамат



