- admin
- 15.04.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2026 жылғы 15 сәуірде Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары Казиева Үміт Жұмағалиевна және Қалқаман Айсанат Қанатқызы Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназиясына барып, 9-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледждің білім беру бағдарламалары, сұранысқа ие мамандықтар, оқуға түсу шарттары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ тәжірибеге бағытталған оқыту, студенттердің байқаулар мен жобаларға қатысуы және студенттік өмір туралы айтылды. Іс-шараға 30 оқушы қатысты.
Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, мамандық таңдау мен оқу үдерісі туралы сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауап алды.
Кездесу жылы әрі достық жағдайда өтіп, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал етті.
Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы
#адал_азамат




