Дене шынықтыру және АӘжТД кафедрасының онкүндігі

(2026 жылғы 06–15 сәуір)

2026 жылғы 6–15 сәуір аралығында оқу орнында Дене шынықтыру және НВиТП кафедрасының пәндік онкүндігі өткізілді. Онкүндік студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, денсаулығын нығайтуға және оқу пәндеріне қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған маңызды білім беру және тәрбиелік шара болды.

Онкүндіктің ашылуы онлайн форматта өтіп, барлық 10 күнге арналған сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың жоспары таныстырылды. Ұйымдастырушы – Кужахметова А.Ж. жетекшілігіндегі Дене шынықтыру және НВиТП кафедрасы.

Онкүндік аясында спорттық және зияткерлік бағыттарды қамтитын түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде спорт залында өткен «Денсаулық фестивалі» эстафетасы ерекше орын алды. Оған 1М-16, 1ПО-10, 1СИБ-1 және 1ЭС-25 топтарының студенттері қатысты. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға және командалық рухты дамытуға ықпал етті.

Ашық сабақтарға ерекше көңіл бөлінді. Кравченко Е.Б. «Волейбол. Допты қабылдау және беру» тақырыбында (1ХП-27 тобы), ал Щербаков В.В. «Баскетбол. Допты қозғалыста және орнында жүргізу» тақырыбында (1ПО-12 тобы) сабақ өткізді. Сонымен қатар Шишкин В.В. жетекшілігімен «Асық ату. Ойын техникасының негізгі ережелері» атты ашық сабақ ұйымдастырылып, студенттер ұлттық дәстүрлермен танысты.

Әскери-техникалық дайындық аясында Фатхудинов Р.Р. «Армейский экспресс» атты шеберлік сабағын өткізіп, студенттердің төзімділігі мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.

Онкүндіктің зияткерлік бағыты химия және биология пәндері бойынша іс-шаралармен толықтырылды. Кужахметова А.Ж. ұйымдастырған «Химия біздің айналамызда: асүйден IT-ге дейін» атты шара химиялық білімнің практикалық маңызын көрсетті. Сонымен қатар Тайкова Г.Л., Кужахметова А.Ж. және Шингельбаева Р.Ш. жетекшілігімен химия пәнінен колледжішілік онлайн-олимпиада өтті.

Студенттер «Қызықты химия» және «Биологиялық брейн-ринг» сияқты интерактивті іс-шараларға белсенді қатысып, логикалық ойлау мен командалық жұмыс дағдыларын дамытты.

Сонымен қатар Қайырғали Н. жетекшілігімен «Менің мотивациям – менің жетістігім» атты психологиялық тренинг өткізілді.

Өткізілген онкүндік жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, оқытушылардың кәсібилігін және студенттердің белсенділігін көрсетті. Барлық іс-шаралар білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, физикалық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Дене шынықтыру және НВиТП кафедрасының онкүндігі білім беру, тәрбиелік және сауықтыру жұмыстарының тиімді үйлесімінің жарқын үлгісі болды.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *