- admin
- 10.04.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
9 сәуір күні өңірдің түкпір-түкпірінен келген дарынды студенттер қатысқан «Student Vision 2026» облыстық байқауының финалы өтті. Аталған байқауда Қостанай политехникалық жоғары колледжінің студенттері жоғары дайындық деңгейін және шығармашылық әлеуетін көрсетіп, лайықты өнер көрсетті.
«Вокал» номинациясында колледжіміздің намысын Әдебиет Сабина қорғады. Оның әсерлі дауысы, шынайы орындауы мен сахнадағы сенімділігі қазылар алқасы мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
Сахнадағы ерекше атмосфераны «Мирас» хореографиялық үйірмесінің қатысушылары толықтырды. Олардың үйлесімділігі, қарқыны мен әртістігі вокалдық нөмірге көркемдік мән берді.
Байқау қорытындысы бойынша колледжіміздің командасы облыстық деңгейде І орынға ие болды. Бұл жеңіс студенттеріміздің шеберлігі мен ұйымшылдығын дәлелдеді.
Әдебиет Сабинаны және «Мирас» хореографиялық үйірмесін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!



