Оқитын колледж

2026 жылғы 6 сәуірде Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Оқитын колледж» бағыты бойынша онлайн тестілеу кезеңі өтті. Іс-шара регламентке қатаң сәйкестікте ұйымдастырылды: студенттер компьютерлік сыныптарда сыртқы ресурстар мен гаджеттерге қол жеткізбей сайысқа қатысты.

Жарыс екі лига бойынша өткізілді. Тестілеу қорытындысы бойынша қазақ лигасында бірінші орынды Улан Улуу Тариэль мен Асқарұлы Азат, екінші орынды Дюсенова Дарина мен Кусалина Азиза, үшінші орынды Садыр Аяжан мен Ақбас Гүлназ иеленді. Орыс лигасында көшбасшы атанғандар — Кусеубаева Карина мен Олусмаев Турпал-Эли, екінші орынды Васильев Владислав пен Абутолипов Толеген бөлісті, ал үшінші орынды Проценко Глеб пен Сейферлинг Кирилл иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, жобаның облыстық кезеңіне қатысу үшін колледждің құрама командасының құрамына енді.

Мұндай бастамалар студенттердің интеллектісі мен ойлау жылдамдығын дамытып қана қоймай, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтады, әрі қарай өзін-өзі дамытуға және кітап оқуға ынталандырады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *