- admin
- 03.04.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
2 сәуір 2026 жылы Қостанай политехникалық жоғары колледжінде ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) «Интернет — адасулар торы» тақырыбында лекциясы өтті.
Лекцияны Танатбаев Айбек Мырзағалиұлы жүргізді. Кездесу барысында интернет кеңістігінің жастардың санасына әсері, сондай-ақ жалған және бұрмаланған ақпараттың, соның ішінде діни бағыттағы мәліметтердің таралу қаупі туралы өзекті мәселелер қарастырылды.
Ерекше назар студенттердің сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға, ақпаратты саралай білуге және сенімді дереккөздерді ажырата алуға аударылды. Сонымен қатар, студенттерге манипуляцияға берілмеу және ақпарат ағынында объективті көзқарасты сақтау жолдары түсіндірілді.
Іс-шараға 1 ПО-10, 1 СИБ-1 және 2 Б-6 топтарының студенттері қатысты. Қатысушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыруға және тұтынылатын ақпаратқа жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.
#адал_азамат



