- admin
- 20.03.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
23 наурызда Қазақстанда Тазарту күні — тазалық күні атап өтіледі, оның мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға қамқорлық таныту болып табылады. «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында еліміздің әр түкпірінде «Тазалық эстафетасы» және «ТазаLike» экофестивалі сияқты экологиялық бастамалар өткізіледі, олар адамдарды қоршаған ортаны таза әрі жақсы етуге біріктіреді.
Біздің колледж де бұл маңызды бастамадан шетте қалмады және осы күнге орай «Табиғатты бірге күтейік» ұранымен аумақты тазалау акциясын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің экология мәселелеріне назарын аудару, тазалық мәдениеті мен қоршаған орта жағдайына жауапкершілікті қалыптастыру.
Акцияға 2ПО-8 тобының студенттері белсенді қатысты. Жастар ұйымдастығымен, ынтымақтылығымен және ортақ іске жауапкершілікпен қарағанын көрсетті. Тазалау барысында олар аумақты қардан тазалап, қосымша учаскелерді ретке келтіріп, таза және ыңғайлы ортаны жасауға өз үлесін қосты.
Осындай іс-шаралар жастардың экологиялық санасын тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Олар белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін дамытуға және еңбекке үйретуге көмектеседі. Мұндай акцияларға қатысу әр адамның кішкентай қадамдары да үлкен нәтижеге әкелетінін көрсетеді.
Тазалық әрқайсымыздан басталады, және дәл осындай игі істер табиғатқа және қоршаған ортаға қамқорлық көрсетудің негізін қалайды.
Газизова Н.Б., педагог-ұйымдастырушы
#адал_азамат





