ҚПЖК-де Көрісу күні өтті

13 наурызда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде көктемнің басталуы мен табиғаттың жаңаруын айшықтайтын Көрісу күні – Амал мерекесі атап өтілді. Мерекелік іс-шаралар аясында «Көрісу» дәстүрі кеңінен дәріптелді: студенттер мен педагогтар бір-бірімен жылы қол алысып, «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, Ақ мол болсын!» деген ақжарма тілектерін білдірді. Ұрпақтар сабақтастығына ерекше көңіл бөлініп, білім беру саласының ардагерлері мен аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды.

Мерекеге 1А-4, 1ЭС-25, 1Э-16, 2ХП-25, 2ХП-26, 3ХП-24, 1М-16, 2М-14 және 2ТЗ-30 топтарының студенттері белсене қатысып, өздерінің шығармашылық бастамалары арқылы ұлттық құндылықтар мен қонақжайлылық мәдениетіне деген құрметін көрсетті. Бұл іс-шара ұжымның бірлігін нығайтуға және халықтың маңызды рухани қазынасын сақтауға септігін тигізді.

#Nauryznama2026 және #ҰлыДалаНаурызы


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *