ҚПЖК-де Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
- admin
- 16.03.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
16 наурызда Қостанай политехникалық жоғары колледжінде Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеуге арналған «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» өтті. «Шабыт» жобасы аясында дәстүрлі шеберлік пен заманауи креативті ұштастырған «Талантты тау жарады» атты көрме ұйымдастырылды. Студенттер теріден, ағаштан және киізден жасалған бұйымдарын ұсынды. Бағдарламаны қолөнер жәрмеңкесі мен ұлттық тағамдар фестивалі толықтырды. Іс-шараға 1ХП-27, 2Б-7, 2СТ-8, 2ПО-8, 2ПО-9, 2Б-6, 1СТ-9, 1ТЗ-31 және 1Б-9 топтары белсене қатысты. Бұл шара жастардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беріп, ұлттық дәстүрлерді заманауи форматта сақтаудың маңыздылығын паш етті.



#Nauryznama2026 және #ҰлыДалаНаурызы


