- admin
- 03.03.2026
- No Comments
- Жаңалықтар
Бүгін 1СИБ-1 тобы студенттеріне «Дроп» тақырыбында танымдық фильм көрсетілді. Фильмнің негізгі мақсаты – жастарға жеңіл табыс ұсынатын күмәнді ұсыныстардың артында қандай қауіп бар екенін түсіндіру, қаржылық сауаттылықты арттыру және заң алдындағы жауапкершілікті сезіндіру болды.
Көрсетілім барысында студенттер дроп ұғымының мәнін, оның алаяқтық схемаларымен байланысын және мұндай әрекеттердің салдары қандай болатынын нақты мысалдар арқылы көрді. Әсіресе банк картасын үшінші тұлғаларға беру, жеке мәліметтерді тарату үлкен қауіп төндіретіні айтылды. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі аясында қарастырылатыны түсіндірілді.
Фильмнен кейін студенттер өз ойларымен бөлісіп, «оңай ақша болмайтынын», «бір сәттік шешім болашаққа кері әсер етуі мүмкін екенін» атап өтті. Көпшілігі қаржылық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау қажет деген қорытынды жасады. Сонымен қатар, күмәнді ұсыныстарға алданып қалмау үшін ата-анамен немесе оқытушылармен кеңесу керектігін айтты.
«Дроп» тақырыбында қаралған фильмнің нәтижесі – студенттердің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, заңсыз әрекеттердің салдарын түсіндіру және саналы таңдау жасауға бағыт беру болды.



